Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгерді?

Қазақстанда сәуір айында АЕК мөлшерінің көтерілуі еліміздегі айыппұлдарға да әсер етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АЕК көрсеткіші 2 651 теңгеден 2 778 теңгеге көтеріліпті. 

АЕК салық, мемлекеттік төлемақылар мен басқа да төлемдерді, зейнетақы, жәрдемақы мен атаулы көмекті, сондай-ақ айыппұлдарды есептеуде қолданылады.

Карантин режимін бұзғаны үшін азаматтарға 5-тен 10 АЕК-ке дейінгі айыппұл қарастырылған. Сәйкесінше бұл көрсеткіш 13 890 теңге мен 27 780 теңге аралығын құрайды. 

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандарға 2000 АЕК немесе 5 миллион 556 мың теңге, ал ҚР аумағында тіркеусіз не құжатсыз тұрғандарға 7 АЕК немесе 19 446 теңгелік айыппұл салынады екен

Елімізде жолда жылдамдықты асырып жіберген жүргізушілер 5-тен 30 АЕК-ке дейін, яғни 13 890 теңгеден 83 340 теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. 

Зейнатақының минималды көрсеткіші 40 441 теңгені құрайды. АЕК өзгертілгенге дейін зейнатқының ең аз сомасы 38 636 теңге болған. Күнкөріс минимумы 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге көтеріліпті. 

Бастапқы минималды зейнетақы төлемінің көлемі 17 641 теңге болыпты. Ал минималды жалақы көлемі 42 500 теңгеден өзгертілмепті. 


Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжат қымбаттады: Елімізде құжат рәсімдеу енді қанша тұрады?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр