Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өспек: Компаниялар шығынға ұшырады

Фото: Istock.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автосақтандыру қымбаттауы мүмкін екенін айтады. Себебі сақтандыру компаниялары шығынға ұшырап жатыр. Нарықтың жартысынан астамын бақылайтын 8 компания үшін шығын коэффициенті 100 %-дан асады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Автокөлікті сақтандыру нарығы шығынға ұшырап жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 65% болса, 2024 жылы 87%-ға жетті.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында автосақтандыру секторындағы шығын көрсеткіші 96% болыпты. Ішкі нарықта барлығы 25 компания бар.

“Нарықтың жартысынан көбін бақылайтын 8 компанияның шығын коэффициенті 100%-дан асады. Бұл компаниялар сақтандыру сыйақысынан гөрі сақтандыру төлемдерін төлейтінін білдіреді. Ал 11 кәсіпорынның шығыны – 85%. Бұл да өте жоғары көрсеткіш. Жолдардағы апаттар санының артуына байланысты жоғалту коэффициенті де артқан”, – деді сақтандыру нарығы және актуарлық есептеулер департаментінің директоры Серікболсын Төлебеков.


Қазақстанда автосақтандыруды есептеу ережелері өзгереді


Сарапшылар сақтандыру құнының өскенін жоққа шығармайды. Дегенмен қарапайым көлік жүргізушілері сақтандырушылардың шығынға кетіп жатқанына сенбейді. Көбі, керісінше, төлем мөлшерімен келіспейді, өте аз етіп есептеп бередә дейді. Соның аясында сақтандыру омбудсменінің қызметіне сұраныс артты.

“Негізі, бізде мұндай даулар 90%-дан асады. Тұтынушылар келтірілген зиянның мөлшері бойынша сақтандыру омбудсменінің кеңсесіне жүгінеді. Сақтандыру компаниясының  келтірілген шығын сомасын аз деп есептеді деп санасаңыз, онда мұндай жағдайда сақтандыру омбудсмені мекемесіне хабарласуға болады”, – деді сақтандыру омбудсмені Игорь Яковенко.

2023 жылы сақтандыру омбудсмені мекемесіне үш мыңға жуық адам жүгінген. Ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш үш есеге артты. Сарапшылар бұл үрдіс әлі де арта түседі деп есептейді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 11:52
Талқылау