Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда автокөлік саудасына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

Қазақстанда көлік сату-сатып алуға байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Алматы полициясы автокөліктерге қатысты алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 29 жастағы тұрғынды ұстады. Шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар сайттардан автокөлік сату туралы жеке хабарландыруларды іздейді. Содан кейін көлік иелерімен байланысып, көлігін кепілдікте тұрған өз көлігіне "айырбастау" туралы ұсыныс жасайды. Шын мәнінде, кепілде тұрған ешқандай көлік болмайды. Одан әрі алаяқтар жалған құжаттарды қолданып, сатушыларды мәміленің қауіпсіздігіне сендіреді. Көлікті қолына алғаннан кейін алаяқтар жоғалып кетеді, ал жәбірленуші ақшасыз әрі көліксіз қалады.



Күрделі алаяқтық схемасын Алматы полициясы әшкереледі. Осы іс бойынша бірнеше жәбірленушінің арызданғаны белгілі болды. Көлікке қатысты алаяқтықтан бөлек, ұсталған күдіктіге қымбат Rolex сағаттарын алдау жолымен иемденді деген айып тағылған. Сондай-ақ күдіктінің бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Полиция автокөлік сатушыларға бірнеше кеңес берді:

- сатып алушының құжаттарын мұқият тексеріңіз;

- кепілге қойылған мүлікке қатысты мәмілелерге келіспеңіз;

- қолма-қол ақшадан бас тартып, қауіпсіз төлем әдістерін қолданыңыз;

- егер мәміледен күдіктенсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Еске салсақ, бұған дейін түркістандық ер адам көлік алуға несие рәсімдеп 200-ден аса алматылықты алдап кеткені туралы жазған едік.

Талқылау