Қазақстанда автокөлік саны 4 жарым миллионнан асты
Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4,5 миллионнан асқан. Оның ішінде 87,9 пайызы жеңіл көліктер деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елде тіркеуден өткен 4 миллион 518,7 мың автомобиль бар. Оның 10 пайызы жүк көліктері болса, 2,1 пайызы – автобус. Қалған 87,9 пайызы – жеңіл автокөліктер.
Биыл қаңтар айының өзінде 126,9 мың бірлік автокөлік құралы тіркеуге қойылыпты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,3 пайызға көп. Дей тұрғанымен осы жылы ескі көліктер саны артқан. Яғни қаңтар айында тіркеуге қойылған транспорттың 77 328-і 10 жылдан асып кеткен екен.

Ал сақтандыру компаниялары биыл 4,3 миллион теңгеге 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"