Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жағдай күрделі: Премьер-министр бірқатар тапсырма берді

Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин облыстардың әкімдіктеріне тұрғындарды коронавирусқа тестілеу мәселелерін мүмкіндігінше тезірек шешуді және науқастарды ауруханалардағы орындармен қамтуды және қажетті тексерулерді арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Премьер-министрдің тапсырмаларының арасында:

  • медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;
  • ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;
  • меншік нысанына қарамастан өңірде қолда бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтуды жүзеге асыру;
  • жедел жәрдем станцияларының жедел және шұғыл шақыруларына уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;
    халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Айта кетейік, премьер-министрдің төрағалығымен 18 маусымда ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шаралар қаралды.

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирустық инфекциялардың таралу деңгейінің жоғарылауына байланысты демалыс күндері осы жылдың 20-21 маусымы аралығында қосымша шектеу шараларын қабылдауға шешім шығарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр