Қазақстанда ауыл халқының саны азайып бара жатыр
Қазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам тұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл – ел халқының 38,2%-ы.
Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер былтыр жыл басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, биыл бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842-әйелдер.
Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алдыңғы қатарда. Ондағы ауылдықтар саны – 1 599 909 адам. Екінші орында Алматы облысы – 1 262 161 адам, үшінші орында Жамбыл облысы – 691 179 адам.
Ауыл тұрғындарының саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Онда облыс халқының 21%, яғни 46 328 адам тұрады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді