Қазақстанда әскерлерді тамақтандыруға қанша қаржы кетеді

Қорғаныс министрлігі 2021 жылы Қазақстанның қарулы күштерін тамақтандыру үшін қанша қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Биылғы жылы тамақтану нормасының өсуіне байланысты 22 миллиард теңгені бөлінді", - дейді қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ОКҚ брифингінде.

"Әскердің күнделікті тамақтану құны оның қызмет түріне байланысты. Қарапайым әскери рацион құны - 1713 теңгені құрайды", - деді тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары-Тыл Бас басқармасының бастығы Бауыржан Досмағанбетов.

"Бұл рационда әртүрлі тағамдар дайындауға мүмкіндік беретін 48 түрлі өнім бар. Негізінен көкөніс тобы, барлық жарма, құс еті, сиыр еті, сүт өнімдері мен дәрумендер бар",  - деп қосты Досмағанбетов.

Осыған дейін, Жамбыл облысында жергілікті бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жатқандардың жағдайы қызу талқыға түсті. Желіде сарбаздардың түскі ас пен кешкі асқа шағымданып жатқаны айтылатын видео таралды. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр