Қазақстанда әр алтыншы теңге онлайн жұмсалады: Ozon Day-де нарық өсімі талқыланды

2025 жылдың қорытындысы бойынша ресейлік сатып алушылар қазақстандық сатушылардан бір жыл бұрынғыдан 50%-ға көп тапсырыс берген. Ozon Қазақстанның ел инфрақұрылымына салған инвестициясы 80 млрд теңгеге жетті, ал платформаның экожүйесінде жұмыспен қамтылғандар саны 3 500 адамнан асты.
Қазақстандық сатушыларға арналған Ozon Day онлайн-іс-шарасы аясында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов пен Ozon-ның ТМД елдеріндегі CEO-сы Наталья Боердің қатысуымен панельдік сессия өтті. Қатысушылар электронды коммерцияның қарқынды өсімін, өңірлер мен шағын және орта бизнесті қолдауда мемлекет пен маркетплейстердің өзара ынтымақтастығын, сондай-ақ заманауи логистикалық инфрақұрылым қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Вице-министрдің айтуынша, e-commerce әлдеқашан тар сегмент аясынан шығып, экономиканың жүйеқұраушы драйверіне айналды. Бүгінде Қазақстандағы бөлшек саудадағы әр алтыншы-жетінші теңге онлайн жұмсалады.
"Соңғы бес жылда электронды сауда нарығы жеті есе өсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сауданың бөлшек айналымдағы үлесі 15%-ға жетеді деп күтілуде, ал 2029 жылға қарай – 18,5%-ға дейін өседі. Электронды сауда нарығы әлемдік көрсеткіштерден едәуір озып, екі таңбалы қарқынмен дамып келеді. Бұл енді тар ниша емес, логистикада, IT саласында, төлем жүйелерінде және сабақтас салаларда жұмыс орындарын құратын, сондай-ақ қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын экономиканың жаңа секторы", – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.
Бизнеске арналған цифрлық экожүйе: Оралдан Шымкентке дейін
Трансшекаралық сауданың өсуі жергілікті кәсіпкерліктің дамуының заңды нәтижесі. Боердің айтуынша, бүгінде платформадағы әр жетінші сатушы Алматы мен Астанадан тыс шағын қалалар мен өңірлердің өкілі. Бұл маркетплейстің цифрлық инфрақұрылымы бизнестің географиялық орналасуына қарамастан тең мүмкіндік беретінін көрсетеді.
"Біз өзімізді жай ғана сауда алаңы емес, қазақстандық кәсіпкерлер үшін стратегиялық серіктес әрі мүмкіндіктер архитекторы ретінде көреміз. Цифрлық платформалар кез келген өңірдегі бизнеске тең мүмкіндік береді. Былтырдан бастап қазақстандық кәсіпкерлер Ozon-ның жергілікті заңды тұлғасымен келісімшарт жасайды. Бұл барынша ашықтықты қамтамасыз етеді. Есеп айырысу теңгемен жүргізіледі, төлемдер апта сайын қазақстандық шоттарға түседі, комиссиялар екі еседен астам қысқартылды, яғни 5%-дан бастап, сондай-ақ Алматы мен Астанада тегін сақтау қызметі бар. Біз жергілікті бизнеспен ұзақ мерзімді серіктестік құрамыз, ал жергілікті оферта — бұл техникалық қадам емес, ашықтықты арттыруға, шығындарды азайтуға және қазақстандық сатушылардың айырмасынсын өсіруге бағытталған стратегиялық шешім", — деді Наталья Боер.
Экспорттық лифт: 60 млн сатып алушыға қолжетімділік
Жергілікті бизнес үшін келесі даму кезеңі – экспорт. Ozon-мен келісімшарт жасасқан кәсіпкерлер ТМД елдеріндегі 60 млн-нан астам белсенді сатып алушыға Ресей мен платформаның басқа да қатысу елдеріндегі аудиторияға шығу мүмкіндігіне ие болады.
Наталья Боердің айтуынша, бүгінде қазақстандық сатушылар айналымының басым бөлігі экспортқа тиесілі, әрі онлайн-саудада Қазақстан тауарларына деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ресейлік сатып алушылар қазақстандық сатушылардан бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,5 есе көп тапсырыс берген. Бұл экспорттың айтарлықтай әлеуеті бар екенін және оның әрі қарай дамуына зор мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
"Қазақстандық тауарлар платформада айқын көрінуі үшін біз Ozon.kz және Ozon.ru басты беттерінде "Қазақстандық тауарлар" атты арнайы бөлім құрдық, бұл жергілікті өндірушілерді ілгерілетуге арналған басым кеңістік", – деді Наталья Боер.
Логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар және жаңа жұмыс орындары
Талқылау барысында логистика саласына салынған инвестициялар мәселесі де көтерілді. Қазақстан сапалы қоймалық жылжымайтын мүлік көлемі бойынша Орталық Азия мен ТМД-да сөзсіз көшбасшы. Бір жыл ішінде көлем 15%-ға өсіп, 1,78 млн шаршы метрге жетті, ал 2026 жылдың басында 2 млн шаршы метрден асты. Бос алаңдардың үлесі 5,4%-ға дейін ұлғайды.
"Фулфилмент орталықтарға арналған ұлттық стандарт (СТ РК 4027-2025) қабылданып, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл салаға инвестициялық тартымдылықты арттырып, халықаралық тәсілдерге сәйкес электронды сауданы дамытуға жағдай жасайды", – деді Әсет Нүсіпов.
Наталья Боердің айтуынша, Ozon-ның Қазақстандағы логистикалық инфрақұрылымға салған жиынтық инвестиция көлемі 80 млрд теңгеге жетті. Осы инвестициялар Алматы, Астана, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемен қалаларында екі фулфилмент орталық пен бес сұрыптау орталығын салуға мүмкіндік берді. Нысандардың жалпы ауданы 77 мың шаршы метрден асады.
Бүгінде маркетплейстің Қазақстандағы логистикалық нысандарында 400-ден астам жұмыс орны ашылған. Ал Ozon экожүйесінде республика бойынша 3 500-ден астам қазақстандық еңбек етеді, яғни қоймаларда, кеңседе және жергілікті кәсіпкерлер ашқан тапсырыс беру пункттерінде. Компанияның 2026 жылға арналған жоспарында өз курьерлік қызметін іске қосу, бұл көрсеткішті арттырып, ел тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мемлекетпен диалог
Талқылауға қатысушылар мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестициялар синергиясы саланың өсуіндегі негізгі драйвер екенімен келісті. Логистикалық инфрақұрылымды дамыту және ШОБ-ты қолдау Қазақстанда электронды сауданың әрі қарай тұрақты өсуіне берік негіз қалыптастырып, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елдің барлық өңірлері мен одан тыс жерлердегі сатып алушыларға тауарлардың қолжетімділігін арттырады.
"Мемлекет e-commerce үшін тұтас экожүйе қалыптастыруда: инфрақұрылымнан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғауға дейін. Трансшекаралық сауданы дамыту мақсатында Қытай – Орталық Азия – Еуропа дәлізін нығайта отырып, мультимодальды орталықтар құрылуда. Ішкі сауда үшін фулфилмент орталықтар мен тапсырыс беру пункттерін дамытып жатырмыз. Инвестициялардың, соның ішінде Ozon компаниясының белсенді қатысуының арқасында Алматы мен Астанада жаңа нысандар іске қосылды, ал ел бойынша олардың саны қазірдің өзінде 10-нан асты. Бұл әділ әрі қауіпсіз жаңа цифрлық ортаны қалыптастыру арқылы электронды сауданы дамытуға қолайлы жағдай жасайды", – деп түйіндеді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов.
Ozon Қазақстан – Алматы қаласында штаб-пәтері орналасқан мультикатегориялы маркетплейс. 2021 жылдан бері компания Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салып келеді және республикадағы интернет-сауда саласындағы әлеуметтік маңызы бар компаниялардың бестігіне кіреді. Ozon.kz платформасында 370 млн-нан астам тауар атауы бар, жылдам әрі тегін жеткізу қызметі ұсынылады. Кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейін. Компания республикада жеті логистикалық орталықты басқарады және ел бойынша тапсырыс беру пункттері желісін дамытып келеді.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады