Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі
Қазгидромет 18, 19 және 20 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Қазгидромет болжамына сәйкес, республика аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады. Сол себепті ауа райы ашық болады. Қазақстанның кей жерлеріне тұман түседі.
"Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін, ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қолайсыз ауа райы себебінен 15 ірі тас жол жабылғаны жазылды.