Қазақстанда алдағы демалыста күн жылынады
Қазгидромет 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер демалыс күндері жылы болатынын хабарлайды.
"16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады – кей жерлерде жауын-шашын: батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте - қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі", - делінген ауа райы болжамында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”