Қазақстанда АҚШ елшілігіне тиесілі бағалы көліктердің утилизациясы түсірілген видео желіде тарады
АҚШ елшілігіне тиесілі құрышпен қапталған бағалы джип көліктерінің Қазақстанда утилизацияға жіберілгені түсірілген видео әлеуметтік желіде тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Жеті көлік пресске жіберіліпті. Желіде таралған бейнежазбада бірнеше джип тиелген жүк көлігі кіргендігі байқалады. Біраздан соң "Сабурбан", «Ленд Крузер» және «Кадиллак» сынды көліктердің быт-шытын шығарғаны көріп видео авторы мұңды даусы естіледі.
Атап кетерлік жайт, бұдан үш жыл бұрын АҚШ елшілігі құрышпен қапталған көліктерді жеңілдікпен сатып жіберген. Елшіліктің өкілдері видео жайлы пікірі білдіріпті.
"Бұл видео жариялаған елшілік емес, сондықтан ол туралы нақты бір пікір білдіре алмаймыз", - депті АҚШ елшілігінің өкілдері.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді