Қазақстанда әкімдердің жұмысы өңірлердегі бизнестің деңгейіне қарап бағаланатын болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жұмысы негізінен жекелеген салалардағы бизнестің тартымдылығы параметрлерімен бағаланатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен осында отырған әкімдерге өтініш айтамын. Ерекше назарларыңызға алып, барлық айтылғандарды ескерулеріңіз керек. Мұнда бизнес қауымдастығының аз ғана бөлігі қатысып отыр. Олар негізінен өңірлерде өкілдік етеді, сондықтан ағымдағы мәселелер бойынша, жедел шешуді талап ететін міндеттерге қатысты бірлесіп жұмыс жасайық", - деді Тоқаев Ақордада қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай кездесулер жалғасатынын, олардың іскерлік сипатта болатынын атап өтті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн