Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифін төмендету ұсынылды

Видеодан скрин

Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифін төмендету жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Көлік министрлігі осыған қатысты заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Егер ұсыныс қабылданса, жүргізушілер  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелері үшін ақы төлемейтін болады. 


Жылына 100 миллиард теңге: Қазақстандағы ақылы жолдардан түсетін ақша қайда жұмсалады

Қазақстандағы ақылы жолдарға арналған абонементтердің бағасы қанша


 

Аталмыш бастаманың мақсаты – ақылы жолдар жүйесін әділетті әрі ашық ету. Сондай-ақ ақылы жолдарды күтіп-ұстаушы ұйымдардың жауапкершілігін арттыру. Құжат қабылданған жағдайда, өзгерістер маусым айынан бастап күшіне енеді.

"Мысалы, ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығын 100 шақырым деп алсақ, соның 10 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса немесе ақаулар болса, онда төлем тек қалған 90 шақырым үшін ғана алынады", – дейді автомобиль жолдары комитетінің жолдарды пайдалану басқармасының бас сарапшысы Ботагөз Сенкібаев.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ақылы жолға қарызы бар жүргізушілердің көлігін сатуына шектеу қойылатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 22:19
Талқылау