Қазақстанда аграрлық, құрылыс және басқа да бағыттағы банктер ашу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева Мәжілістің жұмыс тобы Қазақстанда салалық банктер құруға тыйымды алып тастау мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. Бұл өзгеріс қабылданса, елде аграрлық, құрылыс және басқа да бағыттағы банктер ашылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмыс тобының жетекшісі Савельева топ он отырыс өткізгенін, оған қаржы нарығының негізгі өкілдері қатысқанын мәлімдеді.
Отырыстарда жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарын бағалау критерийлері, сондай-ақ мемлекет пен басқа банктер қатысатын қолдау тетіктері талқыланған.
"Сонымен қатар, салалық банктер – аграрлық, құрылыс және өзге бағыттағы банктер құруға тыйымды алып тастау ұсыныстары қаралды. Мұндай банктер экономиканы неғұрлым мақсатты несиелеудің және капиталдың әмбебап банктерде шамадан тыс шоғырлануын азайтудың құралы бола алады", – деді депутат.
Савельеваның айтуынша, банктерді тұтынушылық несиелеуден инвестициялық жобаларды, әсіресе шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағыттау да маңызды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген