Қазақстанда АЭС құрылысына өтінімдерді қарау тоқтатылды – Энергетика министрі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның АЭС құрылысы туралы референдум өткізуге қалай дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәтқалиевтың айтуынша, Қазақстан АЭС құрылысының әлеуетті мердігерлерінен өтінімдерді қарауды тоқтатты. Мемлекеттік референдум өткізу күні консультациялардың қорытындылары бойынша жарияланады. Алайда әзірге нақты күні белгісіз.
"Біздің мамандар Қарағанды, Астана қалаларында болды. Кесте жарияланды. Консультациялардың қорытындысы бойынша референдум күні жарияланады, ол әзір белгісіз. Мұнда референдум туралы заңға сәйкес жұмыстар жүргізілуде, процесті ұйымдастырумен айналысатын уәкілетті органдар бар. Бұл – келіссөздерді тоқтату емес, олардың өтінімдерін қарауды тоқтата тұру. Егер қызығушылық танытса, біз олармен кездесеміз, кеңес береміз, бірақ ешқандай шешім қабылдамаймыз”, – министр.
Айтуынша, жұртшылықтың пікірі, халықтың дайындығы, атом электр станциясын салуға дайын болуы маңызды.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізуді тапсырды. Тоқаев атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселе болғанын атап өтті.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
