Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді - Мәулен Әшімбев

Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 мыңнан аса медициналық маман жетіспейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сенат спикері кадр тапшылығы күн санап артып келе жатқанын айтты.

“Денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20-30% артып отыр. Бұл – медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда өте үлкен маңызға ие. Алайда салада медициналық кадрдың тапшылығы бар. Біздің мәлімет бойынша денсаулық сақтау саласында 8 мыңнан аса кадр тапшы. Бұл тенденция соңғы жылдары байқалып отыр. Оның саны артып та келеді. Кадрларды сақтап, оларға жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныс болды”, - деді Мәулен Әшімбаев.

Әшімбаев осы мәселені шеу үшін денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. 

"Медицина мамандығына кадр тарту үшін қосымша қандай іс-әрекет жасауға, қандай заңға өзгеріс енгізіп, қандай норма қабылдауға болады деген мәселелерді қарау керек. Себебі медицина кадрларының жетіспеушілігі – өте өзекті проблема. Соңғы жылдары қарқынды өсу болған жоқ. Қазір нақты шешім қабылдауды қажет ететін жағдай туындап отыр. Оларды әзірлеп, Үкіметпен бірлесіп іске асырамыз", - деді сенат төрағасы.
 

Талқылау