Қазақстанда 6,7 миллионнан астам көлік тіркелген
Фото: freepik.com
Қазақстанда тамыз айының өзінде 160 мыңға жуық көлік тіркелген. Деректерді Ұлттық статистика бюросы келтірді. Барлық тіркелген көлік Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тіркелген көліктердің басым бөлігі жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, 9 700 жүк көлігі, 1 500 автобус және 3 500-ден сәл астам мотоцикл. Қыркүйек айындағы жағдай бойынша ел бойынша барлығы 6,7 миллионнан астам көлік тіркелген.
Олардың негізгі бөлігі ескі көліктерден тұрады. Жеңіл көліктердің 41,5%-ы 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Ал 24%-ы – 10-20 жыл, 10%-ы – 7 жылдан 10 жылға дейін, 17%-ы – 3 жылдан 7 жылға дейін қолданылған. Ал тек 6,8%-ы ғана үш жылға жуық пайдаланылған.
Айта кетейік, бұған дейін Елімізде 3 жылдан кейін SOS батырмасы жоқ көліктер тіркеуге алынбайтыны туралы жазған едік.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады