Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 4 ауыл карантинге жабылды

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты СҚО-да тағы төрт ауыл карантинге жабылды. Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл шаралар ауылдарды "қызыл" аймақтан шығару үшін жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Есіл ауданында 7 желтоқсаннан бастап Явленка ауылы, 3 желтоқсаннан бастап Ясновка селосы карантинге қайта жабылды деп хабарланды. Жұмабаев ауданында коронавирустың салдарынан Таманское және Успенка ауылдарында шектеу шаралары енгізілді.

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында барлығы бес аудандағы 11 елді мекен жабық. Ал Петропавл периметрі бойынша бақылау бекеттері 9 қарашадан бастап орнатылды.

Бір тәуліктің ішінде облыста коронавирустың 68 жағдайы тіркелді. Қазақстанда аурудың 712 жаңа жағдайы анықталды.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Желтоқсан, 2020 13:10
Талқылау