Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2030 жылға дейін 103 ұшақ сатып алу жоспарланған

ҰшақФото: pixabay.com

2030 жылға дейін Қазақстанның әуе кемелері паркі тағы 103 ұшақпен толықтырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты жолдауын іске асыру аясында үкімет азаматтың авиацияны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Үкімет мәліметінше, бүгінгі таңда еліміздегі әуе кемелері паркінде 104 ұшақ бар, оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген 6 жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен 1 жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар. 2030 жылға дейін техникалық парк тағы 103 ұшақпен толықтырылады.

"Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа 8 шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады", – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Сондай-ақ елімізде көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау үшін Қазақстанның 9 облысында 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Оларды іске асыруға 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінді. Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып отыр.

Аида Тақабаева
Жұма, 22 Тамыз, 2025 11:34
Талқылау