Қазақстанда 2026 жылдан бастап екі әлеуметтік төлемнің мөлшері өседі
Фото: depositphotos.com
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке жарамдылығын жоғалтқан және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған заң жобасына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған төлемдер қазіргі мөлшерінен 10%-ға арттырылмақ.
2025 жылы мұндай төлемдердің орташа мөлшері мынадай:
- еңбекке жарамдылығын жоғалту жағдайында – шамамен 71 082 теңге;
- асыраушысынан айырылу жағдайында – шамамен 73 378 теңге.
Салық пен айыппұл көлемі артады: Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңартылған АЕК мөлшері аталды
Осылайша, 2026 жылдан бастап төлемдердің мөлшері айына шамамен 7–7,5 мың теңгеге өседі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 20 қазанға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Еске салсақ, бұған дейін келесі жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалатыны туралы жазған едік.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"