Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2019 жылы барлығына міндетті болатын 0-сынып енгізіледі

Қазақстанның Білім министрлігінің басшысы бірінші сыныпқа келген бала әріп танып, оқу білуі керек деп мәлімдеді. Ол үшін екі жылдан кейін барлығына міндетті болатын 0-сыныптар енгізіледі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“2019 жылы біз 0-сыныптарды енгіземіз: 0+11, яғни 12-жылдық білім беруге жүйесіне өтеміз. Бұл барлық балаларға міндетті болады. Ол жерде 25 минутқа созылатын екі немесе үш сабақ болады. Қазіргі мектеп алды даярлықтың реті тәрізді”, — деді Сағадиев сенаттағы парламент тыңдауында.

Ол, мектеп алды даярлық жүйесінде Қазақстан бойынша біркелкі бағдарлама қабылданып, мемлекет арнайы оқулықтар шығарады, деп атап өтті.

Оған қоса, министр: “Бала бірінші сыныпқа барған бала ол сол бірінші сынып бағдарламасына дайын болуы керек. Бүгінде бірінші сыныпқа келген балалардың 85% оқи алады, олардың 30% шапшаң оқиды. Олардың шамамен 75% санауды біледі, ал шамамен 15% балалар екі таңбалы сандармен жұмыс жасай алады. Осылардың қатарында оқу білмейтін 15% балалар сыныпты артқа тартады. Бұл мұғалімге өте қиын”, — деді.

Сағадиевтің айтуынша, осылайша бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің білім деңгейі бірдей болады.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте хиджаптағы келіншек әйел акушер босандырмаса баласымен қоса өлуге дайын екенін айтқан

Күйеуін абайсызда өлтірген Алға тұрғыны мемлекеттен 600 мың теңге өндіріп алды

Астана тұрғыны Ресей әнұраны жазылған дәптерлердің сатылып жатқанын айтып шағымданды

Жамбылдық полицей басын қатерге тігіп қауіпті қылмыскерді құрықтады

Талқылау