Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қаржы министрлігі 15 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы 820 теңгеге өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

“Ең төменгі бөлшек бағалар келесідей: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 870 теңге”, – делінген хабарламада.



Қазір темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы – 770 теңге. Қаржы министрлігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға өскенін атап өтті.

Бұған дейін Ақтау полициясы заңсыз электронды темекі сатқан кәсіпкерді ұстаған еді.

Талқылау