Қазақстанда 11 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін

Қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 11 мемлекеттік саяси басшыдан отставкаға кетуін талап етуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

шенеунік

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсімбетов мәлімдеді.

"Бірінші басшылардың отставкадағы институттарын іске асыру және олардың қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілігі туралы айтқым келеді. Өндірістегі қылмыстық істерді есепке ала отырып, жақын арада, әрине, соттың айыптау үкімі болған жағдайда 11 мемлекеттік саяси басшы отставкаға кетеді", - деді Жақсымбетов.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлер саяси мемлекеттік қызметшілердің, (министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары, аудандар әкімдері) егер де олардың тікелей бағыныштылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, отставкаға кетуге міндетті екенін түсіндірді.

Бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін не оның тікелей бағыныштысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

Бұл "Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жаңа редакциясында жазылған.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр