Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1 мыңнан астам ауылда мүлдем интернет жоқ

Елімізде 1200 елдімекенде интернет мүлдем жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елорда тұрғындарында интернетке қатысты қиындықтар туындауы мүмкін

«Мемлекет басшысы өз жолдауында қазақстандықтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету туралы айтты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға қарай халықтың 99 пайызы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілетіндігі айтылған. Осы орайда сіздер интернет байланысының сапасын қалай қамтамасыз етпексіздер? Әсіресе ауылдық жерлерде интернеттің сапасы сын көтермейді. Ол үшін қандай талдау жасалды», - деп сауал жолдады Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай. 

Интернет сапасына қатысты сауалға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді. 

«Интернет жылдамдығына талдау жасалды. Қазіргі таңда 6400 елдімекен бар болса, олардың 5300-інде интернет бар деген статистика берілді. Талдау нәтижесіне сәйкес 510 ауылда интернет жылдамдығы шынында да өте төмен. Биыл сол 510 ауылдағы интернет сапасын біз нақты көтереміз. Сондай-ақ, бізде бұған дейін интернет сапасына қатысты нормативтік ең төменгі деңгей деген ұғым болған жоқ, ендігі уақытта сол ұғымды министрлік тарапынан бекітпекпіз. Интернет сапасының ең төменгі деңгейін анықтаған соң, сапалы интернетпен қамтамасыз етпеген операторларға айыппұл салуды қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда ол айыппұлдың көлемі 100 АЕК, оның көлемін алдағы уақытта 1000 АЕК-ға дейін көтеру қарастырылуда. Ол үшін заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Одан бөлек, бүгінде Қазақстанда 1200 елдімекенде интернет мүлдем жоқ. Осы орайда алдағы 2 жылда сол ауылдарды да интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді министр Б. Мусин. 

Айта кетсек, бүгін Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау өтті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр