Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қайтыс болады: Мамандар пластиктің адам өміріне қаупін айтты
Қазақстанда пластикалық қалдықтармен ластануды зерттеу бойынша ауқымды жобаның басталуы туралы сарапшылардың баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жасыл Арыстан" ҚҚ басқарма төрағасы Гүлнар Ережепова адамның өміріне ауыр зиян келтіріп, адамның көз жұмуына әсер ететін пластиктерге қатысты ақпарат берді.
"Жыл сайын Қазақстанда 5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар пайда болады, олардың кем дегенде 11-15% -ы пластмассадан тұрады. Демек, әрбір қазақстандық жылына шамамен 42 келі пластиктен жасалған бұйымдарды тастайды. Бұл сандардың барлығы ресми ақпарат көздерінен алынған", - дейді Гүлнар Ережепова.
Сонымен қатар, мамандар пластик, полиэтилен, пластмассаның зиянына тоқталды.
"Кәдімгі полиэтилен пакеті де жанғанда, ауаға 70-ке дейін әртүрлі қосылыстар тарайды, олардың көпшілігі адамға улы болып келеді. Пластмассаны, пластикті, полиэтиленді жағу түтін мен шығарындыларды тудырады, олар денеге енгеннен кейін олар сыртқа шығарылмайды. Олардың жануынан пайда болған канцерогендер ауада жиналып, қатерлі ісік ауруының көбеюіне әкеледі. Айта кетейік, 2019 жылдың соңында Қазақстанда 180 мыңға жуық онкологиялық науқас тіркелген. Әлі тіркелмегендері қаншама, елестете аласыз ба? Сонымен бірге жыл сайын 35 мыңға жуық жаңа жағдай анықталады. Жыл сайын бұл жасырын аурудан 15 мыңға дейін адам қайтыс болады", - дейді "Жасыл Арыстан" ҚК сарапшы-экологы Марина Дробот.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
