Қазақстан жер сілкінісі болған Ауғанстанға 1,6 мың тонна гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен ауғанстандықтарға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Жөнелтілетін гуманитарлық жүк – 1659 тонна.
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар ұлттық гвардия ұшағымен жіберіледі.
Бұған дейін Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп, жер сілкінісінен кейін үйінділерді тазалауға құтқарушылар жіберетіні айтылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”