Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бокстан Азия чемпионатына қатысады

Фото: instagram.com/b.sarsekbaуev

Бокстан Қазақстан U-22 құрамасы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар құрамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылдың 30 шілдесі мен 12 тамызы аралығында Таиландтың астанасы Бангкок қаласында World Boxing Federation ұйымының ұйымдастыруымен жасөспірімдер мен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтеді.

Бұл додаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары толық қатысады. Қатысушылар тізімін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жария етті.

Ерлер құрамасының мүшелері:

  • 50 кг салмақ дәрежесінде: Нұрзат Оңғаров

  • 55 кг: Бексұлтан Боранбек

  • 60 кг: Нұрислам Қалдияев

  • 65 кг: Илья Калинин

  • 70 кг: Нұрбек Мұрсал

  • 75 кг: Аман Қонысбеков

  • 80 кг: Санжаралы Бегалиев

  • 85 кг: Азатбек Жолдасхан

  • 90 кг: Темірлан Мұқатаев

  • 90 кг-нан жоғары: Нұрасыл Асылхан. 

  • Ерлер құрамасының бас бапкері – Бахыт Сәрсекбаев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 кг: Гүлназ Бурибаева

  • 51 кг: Томирис Мырзақұл

  • 54 кг: Элина Базарова

  • 57 кг: Виктория Байдукова

  • 60 кг: Әсем Танатар

  • 65 кг: Аружан Жанабаева

  • 70 кг: Бақыт Сейдиш

  • 75 кг: Шұғыла Налибай

  • 80 кг-нан жоғары: Әсел Тоқтасын

  • Әйелдер құрамасының бас бапкері – Елдос Сайдалин

Айта кетейік, чемпионатта 26 мемлекеттің шамамен 400 жас боксшысы өзара бақ сынайды деп күтілуде.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 20:29
Талқылау