Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан "геосаяси жағдайға" байланысты ресейлік "Сбер" платформасынан бас тартты

Қазақстан жаңа цифрлық платформа құру үшін ресейлік "Сбер" компаниясының көмегінен бас тартты, деп мәлімдеді жұма күні өткен брифингте цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сбер

"Геосаяси жағдайға және өз мүмкіндіктерімізді қайта қарауға байланысты қазақстандық IT-компанияларды тарта отырып, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен платформа жасау туралы шешім қабылданды. Қазір техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр, оған 2-3 жылдай уақыт керек. Осы жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданыла бастайды", – деді Асқар Жамбакин.



Наурызда Цифрлық даму министрлігі "Сбер" компаниялар тобының "V Platforma" шешімі негізінде Қазақстандағы цифрландырудың платформалық моделіне (GovTech) көшу туралы келісімге қол қою мәселесі әлі қаралмағанын айтқан еді.

Ақберен Амангелді
Жұма, 15 Сәуір, 2022 11:09
Талқылау