Қазақстан зейнетақының жеткілікті мөлшері рейтингінде 48 ел ішінде 41-орынға түсті
Жаһандық төлем индексінің талдаушылары зейнетақының жеткілікті мөлшері рейтингінде Қазақстанды 48 елдің ішінде 41-орынға орналастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
БЖЗҚ АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов бұл рейтингте еліміздің қандай орындарда болғанын ашып айтты.
“Қазақстан осы индекс рейтингінде 24-орынды иеленді. Бұл ретте тұрақтылық бойынша сегізінші орында, тұтастық бойынша16-орында. Осындай өте жақсы көрсеткіштерге ие болды. Бірақ зейнетақының жеткіліктілігі бойынша артта қалып, 41-орынға түсті”, – деді ол.
Жаһандық зейнетақы индексін бағалауға 48 ел қатысты. Ал төлем деңгейі бойынша Қазақстан соңында қалды. Сарапшылар жағдайды түзету үшін үкіметке ұсыныстар жолдаған. Мысалы, зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшерін арттыру, жұмыспен қамтуды қолдау және ұзақ мерзімді жинақты алу көлемін азайту ұсынылды.
Бұл ретте, Ұлттық банктің мәліметінше, кейінгі төрт жылда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 4,5 триллион теңгеге жуық ақша алған. Салымшылар көп бөлігін, шамамен 85%-ын тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсайтынын көрсеткен. Көпшілік негізі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуда тіс емдеу құқығын көрсетеді.
“Өкінішке қарай, оларға тұрғын үймен және стоматологиямен бәсекелесу өте қиын. Адамдар көбіне қысқа мерзімді инвестициялау стратегиясына назар аударып, ақшаны тез алу мүмкіндігін ойлайды”,– деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.