Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қызметінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік қызметі / Қанатай Далматов және Марат Иерменов
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығындағы кадрлық өзгерістерді бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарияланған өкімге сәйкес, Қанатай Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Иерменов Марат Ғатаулұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Тиісті өкімдер президент әкімшілігінің ресми сайтында жарияланды.
Қанатай Далматов 1978 жылғы 23 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. 2000 жылы ұлттық қауіпсіздік қызметі әскери институтын, кейін академиясын және 2016 жылы Орталық Азия университетін құқық магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Зайсан шекара отрядында бастады, онда шекара заставасы бастығы қызметін атқарған. 2003-2019 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел және басшылық лауазымдарда қызмет етті. 2019-2023 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары болды. 2023-2024 жылдары Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасын басқарды. 2024 жылғы 19 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған еді.
Генерал-майор (2023 жылдан). "Даңқ" орденінің II дәрежесімен, сондай-ақ "ҰҚК үздігі" және "Құрметті шекарашы" төсбелгілерімен марапатталған.
Ал бұған дейін Марат Иерменов Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы қызметін атқарған. Оған дейін Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарған, бұл қызметке ол Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін тағайындалған.
2016-2020 жылдары Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы болды. Одан бұрын Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
“Қазақстан барысы” турнирінің екі дүркін жеңімпазы лауазымды қызметке орналасты
Атышулы бұрынғы әкім орынбасарының ұлы Астанадағы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке кірісті. Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі лауазымына 2024 жылдың 6 ақпанында тағайындалған еді. Дегенмен сол жылдың 21 желтоқсанында ол қызметінен кеткен.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді