Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркиямен визасыз режимді кеңейтпек

Қазақстан мен Түркия визасыз режимФото: gov.kz

Түркия азаматтары енді Қазақстанда визасыз 90 күнге дейін бола алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, Қазақстанға иммигранттардың кіруі, елде тұруы және елден шығуы ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Негізгі өзгеріс – Түркия Қазақстанға визасыз кіріп-шығатын елдердің тізіміне енеді. Енді Түркия азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз келіп, әрбір 180 күндік кезең ішінде барлығы 90 күнге дейін Қазақстанда бола алады. Бұған дейін олар тек 30 күнге дейін ғана визасыз елде бола алатын.


2025 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады

Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз режим мерзімін қысқартады


"Жобаны қабылдаудың мақсаты Түркия Республикасымен тығыз ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанда қолайлы инвестициялық және туристік ахуал қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны жандандыру", – делінген құжатта.

Осындай шарттар қолданылатын елдердің толық тізімімен "Ашық НҚА" порталы арқылы танысуға болады. Құжат 28 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ашық.

Еске салсақ, бұған дейін Ресей мен Қазақстан арасындағы визасыз режимге шектеу қойылатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 20:59
Талқылау