Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жоспарын қолдайды

Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді", - деп жазды Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бұған дейін Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен түскен суреттерін жариялады.
Суретте екі елдің басшысының қол алысқан сәті бейнеленген. Жарияланымдағы жазбаға қарағанда, фото жуырда Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында түсірілген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан