Қазақстан СІМ басшысы Қырғызстандағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады
Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазақстанда Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үрдісі оң қабылдануда. Көрші мемлекеттегі оқиғаларды тек ішкі іс ретінде қарастыра отырып, қалыптасқан күрделі саяси жағдайда жаңадан құрылған үкіметті тұрақтылықты, заң тәртібін қалпына келтіруге, қоғамды топтастыруға, экономикалық даму үшін жағдайларды қолдауға күш-жігерін шоғырландыруға шақырамыз", - делінген түсініктемеде.
СІМ-де Қырғыз Республикасының барлық саяси күштері "дағдарыстық жағдайдан лайықты шығуға мүмкіндік беретін" Қырғыз Республикасы Конституциясының нормалары мен ережелерін қатаң сақтай отырып, салмақты және жасампаз шешімдерді іздеуге бар күш-жігерін салады деп үміттенеді.
"Біздің елдерімізді бауырластық, тату көршілік қарым-қатынас байланыстырады. Олардың негізінде қиын-қыстау кезеңдерде әрқашан өзара көмек пен қолдау жатыр. Біз саяси тұрақты және экономикалық өркендеген Қырғызстанға, 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы одақтастық қатынастар туралы шарттар арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға мүдделіміз", - делінген министрдің түсініктемесінде.
Айта кетсек, Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда Қырғызстан президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтататыны туралы ресми түрде жариялады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
