Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Швейцарияда өтетін Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатыса ма – Министрлік жауап берді

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан Швейцарияда өтетін Украина бойынша бейбітшілік саммитіне қатыса ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан кез келген қақтығыста БҰҰ жарғысының қағидаттарына сәйкес әрекет етеді.

"Еліміздің бұл саммитке қатысуы халықаралық іс-шаралар кестесі мен Қазақстанның осы мәселеге қатысты ресми ұстанымын ескере отырып қаралатын болады. Қазақстанның Украинамен де, Ресеймен де бірдей тығыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастары бар екенін еске салғым келеді. Біз әрқашан барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау позициясын жақтаймыз", – деді министрлік өкілі. 

Айта кетейік, 15-16 маусымда Швейцарияда Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған жаһандық конференция өтеді. Саммит Киев билігінің өтініші бойынша өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін сыртқы істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің "Орталық Азия басшылары саммитке қатысайын десе, Ресейдің қас-қабағына қарайды" деген сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді. 

Талқылау