Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөнбеген

"Қазақстан" шахтасындағы өрт ошақтары әлі сөнбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жағдай жақсарған жоқ. Қазір кен орнында жұмыс уақытша тоқтап тұр. Көмір қазу мүмкін емес. Өрттің ары қарай таралып кетпеуі үшін штаб басшылығы гипстен көпір салу арқылы апатты учаскені оқшауламақ.

“Аймақ әлі қауіпті. Қазір ол жерде 30-дан астам арнайы дайындалған мамандар жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік ережелері сақталуда. Өрт 10 күн ішінде ауыздықталады деп болжап отырмыз”, – деді ҚР төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов. 

Жан- жаққа тараған тілсіз жаудың кесірінен шахтаның асты жаппай жанып, балқып жатыр дейді "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының басшысы. Салдарынан құтқару қызметінің өзі апат ошағына жете алмаған. Қазір ондағы температура 30 градустан жоғары дейді мамандар.

“Шахтаның басты күре тамыры – шахта оқпаны жабық. Қазір шахтада кен қазуға рұқсат жоқ. Апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда. Онда тек құтқарушылар, су шығарушы, шахтаға түсіріп, көтеру секілді қажетті мамандар ғана жұмыс істейді”, – деді “АрселорМиттал Теміртау” АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Талқылау