Қазақстан шахтасындағы өрт: Екінші кеншінің өлімі расталмады
"АрселорМиттал Темиртау" АҚ-ның атқарушы директоры Виктор Гафиулов “Қазақстан” шахтасынан екі емес, тек бір адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта 4 адамды іздеу үшін құтқару қызметінің 12 бөлімшесі жұмылдырылған.
"Біз шахтерлер табылады деп үміттенеміз. Сол себепті оларды іздеу жұмыстарын жалғастырамыз. Барлықтарыңызды үміт үзбей, бекем болуға шақырамыз. Көмір департаментінің барлық күші кеншілерді құтқаруға жұмылдырылды. Біз құрбан болған қызметкерлердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз және оларға барлық жағынан қолдау көрсетеміз", – деді Виктор Гафиулов.
Бұған дейін өрт шыққан кеніштен екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабарланған еді. Алайда Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше бір кеншінің өлімі расталмаған, себебі екі іздеу бөлімшесі оқиға орнына екі жақтан кіргендіктен, олар бір мәйітті тауыпты. Көз жұмған кенші 58 жаста болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”