Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды 

Тиісті бұйрық Ақордада жарияланды.

Ұлан Байжанов 1958 жылы 9 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1980 жылы заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

"КазГУград" КП аға заң кеңесшісі (1980-1983);

Қазақ КСР Баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің "Қазкниға" РО бөлімшесінің меңгерушісі (1983-1987);

Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі (1987-1991);

Алматы қаласы Әділет департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі алқасының мүшесі (1991-1995);

"Алматы-Заң" заң орталығының бас директоры (1995-1997);

"Қазақтелеком" ААҚ вице-президенті (03.1997-03.1999);

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің вице-министрі (03.1999 - 08.2002);

"ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ-ның құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры (01.2003 – 03.2003);

"ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы" ЖАҚ бас директорының орынбасары (03.2003 – 07.2003);

"Нефтеконсалтинг" ЖАҚ президенті (12.2003 ж. –  "ҚазМұнайГазКонсалтинг" АҚ) (08.2003 - 12.2005);

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Президенті кеңсесінің меңгерушісі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ бизнесті қолдау және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті (2005-2008);

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры (2009-2011);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы арнайы өкілі (2011-2015);

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры (27.08.2015 - 03.2017);

"Казкоммерцбанк" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (03.07.2017 - 2018);

ҚР ҰОК Тексеру комиссиясының төрағасы (02.2020 ж. бастап);

"Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ тәуелсіз директоры (01.2021 жылдан бастап).

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 24 Ақпан, 2022 17:35
Талқылау