Қазақстан Ресейге қатынайтын әуе рейстерін үш есе арттырады
Қазақстан территориясында коронавирусты инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстерінің санын үш есеге дейін арттыруға рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Яғни әуе рейстері аптасына 11-ден 33-ке дейін арттырылатын болады.
"Ұшулар жиілігін арттыруды ресейлік тарап та, атап айтсақ, Ресей Федерациясының территориясында жаңа коронавирусты инфекцияның кіруінің және таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб мақұлдауы керек", – деді индустрия министрлігінде.
РФ Көлік министрлігі Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясат департаменті және Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің осы мәселе бойынша бастамасын қолдайтыны жазылған хабарламада.
Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстерді қайта ашады
Ресей оң шешім қабылдаса, екі ел арасындағы тұрақты рейстер Нұр-Сұлтан – Мәскеу, Алматы – Мәскеу, Шымкент * Мәскеу және Қарағанды – Мәскеу бағдары бойынша орындалады.
Қазақстан тарапынан рейстерді Air Astana және SCAT әуе компаниялары жүзеге асырады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
