Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Палестинаға 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек жібереді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында қосымша гуманитарлық көмек көрсету мәселесі талқыланды. Нәтижесінде Қазақстан Палестинаға қосымша 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: wikimedia

Қазақстанның қолдауы Газа секторында қалыптасқан апатты гуманитарлық жағдайды жоюға бағытталған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Палестинаға 1 миллион доллар гуманитарлық көмек беретіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ әлемнің көптеген елдері тараптарға қатысты позицияларын білдіріп, қолдау көрсетті.  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Палестинаны қолдау үшін митинг ұйымдастырды, ал жақында АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Израильге 14,3 миллиард доллар көмек бөлу туралы республикалық заң жобасын қабылдады. 

ХАМАС кепілге алынғандардың үшінші тобын босатқанын, оның ішінде 13 израильдік пен төрт шетел азаматы бар екенін жазған едік. 

Талқылау