Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Пәкістан мен Иранға астық жібереді - сауда және интеграция министрі айтты

Елде астықты жіберуге шектеу алынып тасталды. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

серік жұманғаринСурет: “Егемен Қазақстан”

Серік Жұманғарин Қазақстан 10 қыркүйектен бастап астық шығаруға қойылған шектеулерді алып тастағанын айтты.

"Бізде астық жеткілікті. Азық-түлік корпорациясы қамтамасыз етті, сондықтан Қазақстанда астық тапшылығы болмайды", – деді министр.

Сондай-ақ, ол қазақстандық астықты қай елдерге жіберуді жоспарлағанын түсіндірді.

"Мен Пәкістан, Иран өкілдерімен кездесуді жоспарлағам. Самарқанда болған кезде Мемлекет басшысы Пәкістан мен Иран басшыларымен кездесулер өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Келесі аптада осы бойынша келіссөздер болады, жеткізу ғана емес, көлік логистикасын кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын оңтайландыру мәселесі де қарастырылады. Экспорт бойынша жоспарлар көп, өйткені алдымызда шикізаттық емес экспортты екі есеге ұлғайту міндеті тұр", – деді сауда және интеграция министрі.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін ел басшысы Тоқаев астықты кедей елдерге жеткізетінін мәлімдеген еді.

Талқылау