Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік комитеті: Қазақстан Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шекараларын ашқан жоқ

Қазақстаннан Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерін жандандырғанымен, шекаралар ашылған жоқ. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл елдерге бару үшін әуе жолдары арқылы ғана шекарадан өтуге рұқсат берілген. Шекараны жаяу өтуге болмайды. Бұл шектеулер қашан алынатыны әлі белгісіз. 



"Шекаралар әлі жабық, тек белгілі бір елдермен әуе байланысы қалпына келтірілді", - деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметі.

Шекараларды ашу туралы шешімді ведомствоаралық комиссия мен Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирус пандемиясының эпидемиялогиялық жағдайына сүйене отырып қабылдайды.

Еске салсақ, Қазақстан БАӘ, Германия, Беларусия, Украина, Египет, Түркия және Өзбекстанмен әуе қатынасын қалпына келтірді. Қырғызстанға халықаралық рейстер 20 қыркүйектен бастап қалпына келеді.

Талқылау