Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Nef Qazaqstan" құрылыс компаниясының басшысына іздеу жарияланды

Фото: forbes.kz

Түркиялық Nef холдингіне қарасты NEF Qazaqstan құрылыс компаниясының басқарушы серіктесі Тарык Волкан Оскайға іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

NEF Qazaqstan компаниясының құрылтайшысы әрі басшысы Оскай Тарык Волкан бұған дейін Rixos President Hotel, Sembol Investment&Development, Capital Partners, Almaly Asset Management секілді компанияларда басшылық қызметтер атқарған.

2023 жылдың күзінде NEF Qazaqstan компаниясы AIX биржасында алғаш рет дефолтқа ұшырап, 4 миллиард теңге көлеміндегі бағалы қағаздар және 402 миллион теңге мөлшеріндегі купондық қарыз бойынша төлем жүргізе алмады. Компания бұл қаражатқа Алматыда орналасқан премиум санаттағы Green Center тұрғын үй кешенін салып жатқанын мәлімдеген еді. Қарызды өтеудегі кідіріс "жылжымайтын мүлік сатып алушылардың дебиторлық берешегінен туындаған кассалық алшақтықпен" түсіндірілген. Бағалы қағаздар бойынша кепілгер ретінде әлемнің 14 елінде қызмет ететін түркиялық "Timu Gayrimenkul Geliştirme Yapı ve Yatırım A.Ş." компаниясы шыққан.


Интерпол іздеуде жүрген "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Арданның қайда екені жайлы ақпарат ұсынбаған


2024 жылдың сәуір айында Астана халықаралық қаржы орталығының соты бағалы қағаздарды шығарушы "NEF Qazaqstan" компаниясына қатысты сырттай шешім шығарып, облигациялар бойынша төленуі тиіс сомаларды талапкерлердің пайдасына өндіріп беруді ұйғарды. Бағалы қағаздардың өтеу мерзімі өтіп кеткенімен, ешқандай төлем жасалмағандықтан, 107 бағалы қағаз иесі эмитентке және оның кепілгері – түркиялық "Timur Gayrimenkul Geliştirme Yapı ve Yatırım A.Ş." компаниясына қарсы сотқа жүгінген еді. 

Айта кетейік, Оскай бұрын сотталған Қайрат Боранбаевпен де бірге жұмыс істеген. Олар бірге Астанадағы Comfort Hotel Astana қонақүйін басқарған. 2023 жылы бұл нысан мемлекет меншігіне өтті, ал бір жылдан кейін АҚШ-тық кәсіпкерлерге сатылды.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық белгілі кәсіпкер, меценат Азамат Доланбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 22:25
Талқылау