Қазақстан нарығында жаңартылған классика: Škoda жаңа Octavia көлігінің сатылымын бастады, бағасы қандай?
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
3 шілде күні Қазақстан нарығына чехиялық Škoda автоөнім өндірушісінің ең танымал моделі Octavia көлігінің жаңартылған FL лифтбегі келіп жетті.
Чех брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Prague Auto компаниясының хабарлауынша, жаңартылған Octavia мынадай техникалық және құрамдас бөліктерге ие болады:
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
- 150 аттың күші бар, үнемді төрт цилиндрлі 1,4 TSI қозғалтқышы;
- 8 сатылы автомат беріліс қорабы;
- алдыңғы жетек;
- аралас циклде орташа жанармай шығыны – 6,1 л/100 шақырым;
- максималды айналу күші – 250 Нм, 1500–3500 айн/мин аралығында;
- 100 км/сағ жылдамдыққа дейін жеделдету – 8,7 секунд.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
Жаңартылған Škoda Octavia бұған қоса матрицалық LED-фаралармен, былғары орындық қаптамасымен, цифрлық аспаптар панелімен, 13 дюймдік экранды мультимедиялық жүйе және 8 динамикпен жабдықталған аудиожүйемен, Climatronic ауа райын бақылау жүйесімен, SmartLink байланыс жүйесімен, алдыңғы әйнекке ақпарат шығаратын проекциялық дисплеймен (Head-up), электр жетекті алдыңғы орындықтармен (жад функциясы, жастықша қалыңдығын реттеу, желдету және массаж), жүксалғыш қақпағын қашықтан басқаруға болатын электржетекпен (виртуалды педальмен), орталықты қоса алғанда 10 қауіпсіздік жастығымен және толық қысқы пакетпен жабдықталған.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
Автокөліктің пассивті және активті қауіпсіздік деңгейі ең жоғары стандарттарға сай келеді. Ол Euro NCAP сынақтарында жаңартылған Octavia "5 жұлдыз" яғни максималды бағаға ие болған.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
"Octavia – Škoda брендінің бестселлері және символы. Оның Қазақстан нарығында дамуы өте маңызды. Автокөлік әуесқойлары заманауи талаптарға сай, стильдеріне үйлесетін Škoda көліктерін кез келген уақытта таңдай алады", – деді Prague Auto коммерциялық директоры Андрей Тананыкин.
Айта кетейік, бұл автокөліктер Қостанайдағы Allur зауытында құрастырылады. Škoda – Қазақстанда құрастыру жұмыстары жүргізілетін жалғыз еуропалық бренд.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
Octavia FL моделінің бағасы 17 890 000 теңгеден басталады. 1.4 көлемді, 150 аттың күші бар нұсқасы Қазақстан нарығында үш түрлі жинақтамада қолжетімді. Олар Essence, Selection және Sportline. 2025 жылдың соңына дейін бұл модель қатарына 204 аттың күші бар толық жетек жүйесімен жабдықталған екі литрлік нұсқа да қосылмақ.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
Škoda Octavia – чех брендінің басты бестселлері әрі оның визит картасы. Бұл модель 66 жылдан бері өндіріліп келеді. Осы уақыт ішінде Octavia-ның 100-ден аса елде 7 миллионнан астам данасы сатылған.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
Қазақстанда бұл модельге зауыттық кепілдік беріледі. Ол 3 жыл немесе 100 000 шақырым жүрістен тұрады. Қайсысы бұрын орындалса, соған байланысты. Алайда алғашқы 2 жылда жүріс шектеусіз. Octavia және брендтің қазақстандық желісіндегі өзге де модельдері туралы толық ақпаратты Škoda-ның еліміздегі ресми дилерлік орталықтарынан немесе ресми дистрибьютор сайтынан алуға болады:skoda-qazaqstan.com.
Фотокредит: Skoda Qazaqstan
Айта кетсек, Škoda Auto – 130 жылдық тарихы бар ең көне автомобиль өндірушілердің бірі. Оның Чехия, Қытай, Германия, Үндістан, Словакия және Украинада өз өндірісі бар. Өткен жылы брендтің қаржылық көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Сатудан түскен кірісі 24 миллиард еуроға және операциялық табысы 1,7 миллиард еуроға жетті. 866 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Бүгінде Чехияда ғана емес, Үндістан мен Вьетнамда да жетекші еуропалық бренд саналады. Škoda Auto Қазақстанда 2005–2021 жылдары жұмыс істеп, нарықта 25 000-нан астам көлік сатты.
Prague Auto Allur автомобиль компаниясының бір бөлігі ретінде Қазақстандағы Škoda автокөліктерінің ресми дистрибьюторы саналады.
Allur (www.allur.kz) – республикада көліктерді шығаратын, сататын және қызмет көрсететін қазақстандық автомобиль компаниясы. Алты әлемдік брендтің ресми өкілі: Kia, Chevrolet, JAC, Jetour және Škoda.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
