Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Моңғолиямен зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын мақұлдады

Қазақстан Моңғолиямен зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото freepik

Келісім тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында тұрақты тұратын және екінші тарап мемлекетінің аумағында еңбек (сақтандыру) өтілі бар азаматтарыға қолданылады.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ұсынылған жобасы мақұлдансын", - делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.



Келісім Қазақстандағы зейнетақының мынадай түрлеріне қолданылады:

  • жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
  • міндетті зейнетақы жарналары,
  • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы жасына жеткен кездегі төлемдері.

Ал Моңғолияда бұл келісім жерасты жұмыстарында, ыстық температуралық жағдайларда және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға қолданылады. Атап айтқанда олар мерзімінен бұрын зейнетке шығатындарға сақтандыру қорынан төленетін болады.

Сонымен қатар, бұл келісім мынадай зейнетақыларға қолданылмайды:

  • Қазақстан Республикасында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне;
  • Моңғолияда-әскери қызметі үшін зейнетақы.
Талқылау