Қазақстан мен Вьетнам визасыз режимге қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында 12 құжатқа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі ел арасында бірнеше құжатқа қол қойылды.
- Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
- Екі елдің азаматтарын өзара визалық талаптардан босату туралы келісім;
- Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- "QazTrade" сауда саясаты орталығы" АҚ мен VietTrade Вьетнам саудасына жәрдемдесу агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті мен Вьетнам инвестициялар жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Қазпошта" АҚ мен Viet post корпорациясы арасында электрондық коммерция мен почта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Vietjet Aviation АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Қазақстан Теміржолы" АҚ мен Sovico Group арасындағы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Microtech DFS Vietnam Company Limited және Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- "Хабар "Агенттігі" АҚ мен Vietnam television арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Тоқаев 20 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді. Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды.
Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы ұлттық батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”