Қазақстан мен Ресей шекарасы жолындағы жол апатынан 6 шетел азаматы көз жұмды
Фото: Қостанай ПД
Алматы жолында бірнеше адамның өлімге әкеп соққан жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
20 мамыр таңертең "Алматы – Екатеринбург" автожолының бойында "Қайрақ" шекара бекетінен шамамен екі шақырым жерде Ford Transit көлігінің жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Ford Transit көлігінде 10 шетел азаматы болған еді.
Апат салдарынан оқиға орнында алты адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Барлық қажет тергеп-тексеру амалы жүргізіліп жатыр.
Талқылау

Бір бөтелкеге 27 мың теңге төлеген: Қазақстандық Duty Free-ден алынған тауарды қолжүгіне қосып есептеген FlyArystan компаниясына шағымданды
Қазақстандық Кутаиси-Алматы бағытындағы рейсте болған жағдайды баяндады

"Жыл сайын теңізге апарамыз деп уәде бергенбіз": Қазақстандық ерлі-зайыпты 4 баласын алып, көлікпен үш елді аралап шыққан
Олар 6 адамның барлық шығынына 2 миллион теңге жұмсағанын айтты