Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеті жабылды

Фото: yandex.kz / Астахов Алексей
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу бекеті 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін уақытша жабылғанын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстанмен келісім бойынша, Қазақстан "Тажен" өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты.
Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілді. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді.
Комитеттегілер азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде аталған шектеуді ескеруге кеңес берді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"