Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылары қандай келісімге келді (видео)

Кеше, 18 қазан күні Астанада Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшылар кездесіп, кіші және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковпен болған кездесу қорытындысына қатысты пікір білдірген. Ол 30 адамнан тұратын Қырғыз делегациясымен экономикалық мәселелерге қатысты кең көлемді келіссөздер жасалғанын айтты.

Делегация құрамында бірінші вице-премьер-министр Толқынбек Абдығұлов, Сыртқы істер министрі Эрлан Әбділдаев, Қаржы министрі Әділбек Қасымалиев, Экономика министрі Артем Новиков, Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Азамат Сүлайманов бар.

Оған қоса, Астанаға Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Октябрь Әбдықаимов, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің төрағасы Замирбек Осмонов, Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Медетбек Айдаралиев, Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары Құрманбек Исаков және басқалар да келді.

“Біріншіден, біз екі тараптың экономикалық қатынастарына қатысты проблемалық мәселелерді талқыға салдық. Ол мәселелер біздің еліміздің шекара, транспорттыұ, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауларына қатысты. Сонымен қатар, кеден және салықтық әкімшілік есепке алу және ЕАЭО, ДСҰ талаптарын орындауға қатысты мәселелер сөз болды”, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Сағынтаев Қазақстанның кеден органдары Қытайдан әкелінген тауарларды Қазақстан территориясы арқылы өткізу кезінде қырғызстандық импортерлердің жеткілікті ақпарат бермегенін айтты. Осының кесірінен мемлекетке едәуір залал келген.

Оның сөзінше қырғызстандық тарап белгіленген сауалдар бойынша келісімге келгенін және Сапар Исаков ЕАЭО кеңістігіндегі экономикалық мәселелердің шешімін табуы үшін жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

“Біздің келіссөздеріміздің қорытындысы бойынша Қырғызстан және Қазақстан үкімет басшыларының бірінші орынбасарларының басшылық етуімен жұмыс тобы құрылатын болды. Жұмыс тобы бес жұмыс күні ішінде ортақ “жол картасын” құрастыруы тиіс. Сол қабылданғаннан кейін тараптар келісімді толықтай орындауға күш салады”, – деді Бақытжан Әбдірұлы.

Сондай-ақ, тараптар 19 қазан 00:00-ден бастап екі ел арасындағы мемлекеттік шекарада тәртіп орнатуға да өзара келісімге келді. Ол мынадай тұлғаларға әсер етеді:

Жеке жүгі бар физикалық тұлғалар;
Тұрақты жолаушы тасымалын жүзеге асыратын автотранспорт;
Жеңіл автокөліктер;
Бос жүк көліктері.

Тағы да оқыңыз:

Осындай жауап бола ма?: Нығматулин қаржы министріне шүйлікті

Тәңірберген Бердоңғаров қазақ-қырғыз шегарасындағы жағдайды айтып берді

Мәжіліс төрағасы министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Талқылау