Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы екі айда 6 миллиард долларға дейін өсті
2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 6 миллиард долларға жетті. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 70,9%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
QazTrade мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың алғашқы екі айында Қазақстаннан Еуроодаққа экспортталған тауар айналымы 5,2 миллиард долларға тең болған. Мұнда шикі мұнай, газ, мұнай өнімдері, ферроқорытпа, алюминий мен бидай кіреді.
Ал Қазақстанға импортталған еуропалық тауарлардың жалпы құны 767 миллион долларға тең. Тауарлар қатарында дәрілік заттар, вакцина, қаннан алынған сарысу, қан, қозғалтқыш, газ турбиналары, сорғыш, компрессор мен желдеткіш, есептеуіш машиналар, құбыр жүргізуге арналған арматура, телефон мен қара металдан жасалған өнімдер бар.
Италия мен Франция Еуроодақ арасындағы Қазақстанның ірі серіктестері болып отыр. Бұл елдермен тауар айналымы 2,2 және 1 миллиард долларды құраған.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”