Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесін өзгертуге қатысты жаңа петиция пайда болды

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ePetition.kz сайтында "Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін өзгертуді талап етеміз" деген петиция пайда болды. 

"Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, денсаулық сақтау министрлігінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге  өзгерістер мен толықтыруларды парламенттің қарауына енгізуді сұраймыз", – делінген петицияда.

Авторлар азаматтардың жарналарына қатысты бірқатар өзгерістерді ұсынып отыр:

  • Азаматтардың бірнеше табыс көзі болса да, бір ғана табысынан жарна салу мүмкіндігі болуы керек. Адам екі жұмыс істесе де, тек біреуінен шегерім жасау жеткілікті.

"Көптеген азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерді алмайды, ал азамат медициналық қызметті алмаса, ол күйіп кетеді. Шартты түрде, белгілі бір айда міндетті медициналық сақтандыру жарнасы қайтарылмайды және жиналмайды. Ол қайтарылмағандықтан, есептеулер мен аударымдар бойынша екі немесе бірнеше болмауы керек деп санаймыз", – дейді петиция өтініш авторлары.

  •  Егер жеке кәсіпкердің белгілі бір айда табысы болмаса, ол сол айға шегерім жасаудан босатылуы керек.
  • Міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналарды жинақтау және оларды жақын туыстарына аудару мүмкіндігі болуы керек.

"Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне халықтың наразылығын және мемлекеттік аудит анықтаған миллиардтаған заңбұзушылықтарды ескере отырып, бұл жүйе басқалармен қатар Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту үшін өзгеру керек", – деп түйіндеді құжат авторлары.

Әзірге петиция небәрі 101 дауыс жинады. Еске сала кетейік, құжат қаралуы үшін кемінде 50 мың дауыс жинауы керек.

Талқылау